Аденоид

  Аурулар

Аденоид — көмекей безінің шамадан тыс ұлғаюы. Бұл ауру әдетте 3 жастан 10 жасқа дейінгі балаларда байқалады. Әр түрлі жұқпалы аурулар (шешек, көкжөтел, дифтерия, қызамық, тұмау, т.б.), сондай-ақ жоғарғы тыныс жолдарының қабынып ауруы аденоидтердің пайда болуына әкеледі. Аденоидтерге шалдыққанда мұрыннан тыныс алу қиындап, мұрыннан тоқтамай су ағады, кейде ол көмекейге құйылып кетеді.

Балалар түнде ұйықтағанда аузын ашып ұйықтап, қатты қорылдайды, кейде демі жетпей булығып қалады. Аденоидтер күшейгенде баланың даусы көмескіленіп бұзылады да, олар “М” және “Н” әріптерін “Б” және “Д” әріптері сияқты айтады. Кейде бала тұмауратып, ауру асқынғанда баланың құлағының естуі нашарлайды. Жас кезінде аденоидпен ауырған балалардың тілі кеш шығады.

Баланың үнемі аузымен дем алуы салдарынан оның бет-әлпетінде өзгеріс байқалады. Аденоидтердің алдын алу үшін жоғарғы тыныс жолдарының ауруын дер кезінде емдеп, мұрыннан дем алудың қиындауы ұзаққа созылған жағдайда оториноларинголог- дәрігермен ақылдасу керек. Аденоидты емдеу үшін операция жасалады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Мешелдің белгілері және бұл аурумен кімдер аурады?

Дифтерия ауруының сипаттамасы және себеп салдарлары.

Ревматизм дегеніміз қандай ауру оның негізгі белгілері қандай?

Мылқаулықты емдеуге болады ма?

Пікір қалдырыңыз