Ақ шел

  Аурулар

Егер адам анық көрініп тұрған жағдайды мойындамаса, онда бұл адамның көзін шел басқан деп атайды. Бұл оның ешнәрсені көрмей, соқыр болды деген мағына береді. Бірақ, шындығына келгенде, ноғала көздің қауіпті ауруларының қатарына жатады. Ноғала — көздің мөлдір мүйіз қабығының қарауытуы.

Бұл ауру көздің мүйізді қабығының бір өткір нәрсемен немесе химиялық заттармен зақымдануынан дамиды. Бұл кезде мүйізді қабықта тыртық, одан кейін көлемі түйреуіштің басындай қарауыту пайда болады. Ауру асқынғанда, зақымданған көздің мөлдір мүйізді қабығының бетін сұрғылт-көгілдір шел жабады.

Мұндай шелдер көзге түскен сәулені дұрыс өткізбейді, сондықтан адамның көруі нашарлайды. Бірте-бірте көзді ақ шелдер түгелдей жапса, ол кезде адам мүлдем көрмей қалады. Ондай жағдайға көзге тек хирургиялық операция жасалынады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Көздің құрлымы туралы білесізбе?

Катаракта қандай ауру сипаттамасы мен пайда болу себебі.

Көздің қылилығы немесе қитарлығы ауруының сипаттамасы.

Алыстан көргіштік және көрмеушіліктің себептері.

Пікір қалдырыңыз