Алапес

  Аурулар

Бұл ертеден белгілі, орта ғасырда үрей туғызған жұқпалы ауру. Сол заманда алапеспен ауырған адамдар мойындарына сылдырлақ ойыншық тағып жүруге міндетті болған.

Себебі, қасыңнан өтіп бара жатқан адамнан сылдырлақтың ащы үнінің естілуі — оның алапеспен ауыратынын білдірген. Сол кезде мұндай адамдарды лепрозорияларда (аурудан жазылмайтын адамдарды ұстайтын жер) ұстаған.

16 ғасырда Еуропада алапес толығымен жойылды. Қазіргі кезде тропиктік аймақтардағы елдерде, мысалы, Үндістанда осы уақытқа дейін алапес ауруы кездеседі. Алапес — жұқпалы ауру, бірақ ауру бірден жұқпайды. Егер алапеспен ауырған адаммен ұзақ уақыт араласса ғана оның жұғуы мүмкін, сондықтан туристер мен саяхатшыларға бұл ауру қауіпті емес.

Аурудың қоздырғышы таяқша тәрізді бациллалар денеге енгеннен кейін теріде және ішкі мүшелерде әр түрлі өзгерістер болады. Терінің кейбір жерлері өзінің сезгіштік қасиетін жоғалтады. Сондықтан, алапеспен ауыратын адамдар ыстық затқа бір жерін байқаусыз басып алған жағдайда, қандай ыстықты да сезбейді.

Бірақ, ондай науқастардың күйген жерінде тыртық қалады. Алапеспен ауырған адамдардың шашы, қастары мен кірпіктері түсіп қалады, терісі салбырап қатпарланып кетеді, соның әсерінен науқас адамның беті арыстанның тұмсығына ұқсайды. Осыған байланысты бұл ауруды грек тілінде лепра деп атайды.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Бөртпе және Бөрітпе сүзектің сипаттамасы.

Карантин дегеніміз не және ол қандай жағдайда жарияланады.

Шешек ауруы туралы қысқаша мәлімет.

Іш сүзегі негізгі айқын белгілері мен онымен күрес жолдары.

Пікір қалдырыңыз