Аллергия

  Аурулар

Мұны ағзаның ауруға төзе алмайтын әсері және оның әр түрлі жануарлар мен өсімдіктерден алынған заттарға аса сезімталдығы деп түсіндіреді. Аллергия әртүрлі себептердің әсерінен пайда болады. Кейбір адамдар белгілі бір тамақтың түрін жей алмайды, егер байқамай сондай тамақты жеп қойса, денесіне қышыма бөртпелер шығып, кейде адамның тыныс жетпей тұншығып қалуы да мүмкін.

Көп жағдайда адамдар көктемнің аяғы мен жаздың басында гүлдер мен шөптердің хош иісінен мұрындары бітеліп, қатты тұмау тиген сияқты болады. Аллергияны медицинаның жеке саласы — аллергология зерттейді. Қазіргі кезде адам ағзасының аллергиялық реакциясының мәні анықталды. Ауа және тамақпен келген жануарлар мен өсімдіктерден алынған белоктар, өсімдік тозаңдары, дәрілік және химиялық препараттар тері, тыныс алу және ас қорыту мүшелері арқылы біздің ағзамызға өтеді.

Ағза оларды бөгде заттар деп қабылдайды, сондықтан кейбір жағдайларда ерекше қорғаныш заттар — антиденелер пайда болады. Егер осы бөгде заттар ағзаға қайталап түссе, онда антидене оларға шабуыл жасап, соның нәтижесінде қауіпті байланыс түзіледі. Бұл денеде бөртпенің шығуына, қышыманың пайда болуына, дене температурасының көтерілуіне, іштің өтуіне, кейде қанайналу және тыныс алу жүйесінің бұзылуына алып келеді.

Егер аллергия қайталана беретін болса, онда мұны аллергиялық ауру деп қарау керек. Сондықтан, аллергияның неден болған себебін тауып, оны емдеу үшін аллерголог-дәрігерге қаралу қажет.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Иммунитет туралы не білеміз және оның қанша түрі болады?

Ықылық не үшін пайда болады және одан қалай арылуға болады?

Баспа (ангина) ауруының сипаттамасы пайда болу себебі.

Антидене яғни антитела дегеніміз не?

Пікір қалдырыңыз