Антидене

  Аурулар

Тірі ағза өзінің ішкі ортасын сырттан келетін жағымсыз әсерлерден үнемі қорғайды. Адам денесінде тұрақты түрде әр алуан қорғаныш механизмдері болады. Осындай механизмнің бірі лейкоциттер түзетін ерекше белоктық зат — антидене. Бөгде белоктар мен ауру тудыратын микробтар ағзаға енген бойда, оларға лейкоциттер шабуыл жасайды.

Лейкоциттердің бір түрі бөгде заттарды жоюға кіріссе, екінші тобы ағзаға енген бөгде заттардан белоктық антидене жасауға кіріседі. Олар антиденені бір нәрсеге жапсырыла алатындай етіп жасайды, соның нәтижесінде антидене бактериялар мен бөгде заттарды өзіне жапсырып алып, олардың “қол-аяғын” байлап тастайды.

Мұндай байланған бактериялар ағзаға таралу мүмкіншіліктерінен айырылады, сол кезде оларды лейкоциттер жояды. Айырықша антиденелерді түзу мүмкіншілігі лейкоциттердің “жадында” ұзақ уақыт сақталып, ол тұқым қуалау арқылы келесі ұрпаққа беріліп отырады. Мұндай механизм иммунитеттің негізіне жатады және атап айтқанда, бұл сол ауру тудыратын бактериялар немесе вирустардың қайталап жұқпауы үшін, ағзаның ұзақ уақыт соларға қарсы төтеп беруі деп саналады.

Ағзада бір нәрсеге аллергия болған жағдайда, антидене тіпті зиянсыз заттармен байланысып, қан тамырлар мен кейбір клеткаларды зақымдайтын — антидененің өте күшті құрылымдарын құрайды. Міне, осылайша ағзада аллергия пайда болады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Иммунитет туралы не білеміз және оның қанша түрі болады?

Лейкоз немесе ақ қан ауруының белгілерімен сипаттамасы.

Тромбоциттер дегеніміз не?

Қатерлі ісік немесе рак дегеніміз?

Пікір қалдырыңыз