Бас аурулары

  Аурулар

Адам ағзасында ең жиі кездесетін ауыру сезімі. Кейде адамның басын ауыр темірмен жаншығандай болады, кейбір жағдайда бас сырқырап, солқылдап және тырысып ауырады. Бастың қатты ауыратыны соншалық, кейде тіпті ауырсынуды басатын дәрі ішсең де ауыру басылмайды. Бас ауырудың себебі өте көп. Мысалы, ауасы тазартылмаған бөлмеде көп отырсаң, қатты шаршасаң немесе тамақ дұрыс қорытылмаса да бас ауырады. Сондай-ақ, бас ауыру жүйке жүйесі мүшелерінің ауруынан болуы да мүмкін. Сондықтан, бас ауырудың себебін дәрігер анықтап, ол ауыруды дұрыс емдеу жолдарын белгілейді.

Бас айналу

Адам кенеттен орнынан тұрғанда немесе өте биіктен төмен қарай қарағанда басы айналып, бір сәтке тепе-теңдігін сақтай алмай қалады. Міне, осыны бас айналу деп атайды. Балаларда бас айналу жиі болады, сондықтан оған көп көңіл аудармайды. Бірақ, мұндай жағдай қайта-қайта қайталана берсе, бұл мидың немесе жүрек ауруының бастамасы болуы мүмкін. Негізінен бас айналу қаныаздықтан (анемия) немесе адам көп қан жоғалтқанда байқалады. Сондықтан, адамның басы жиі айналып, мазасыздана берсе, дәрігерге қаралып, себебін анықтау керек.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Гипертония дегеніміз қандай ауру?

Ұйқыға байланысты аурулар туралы біз не білеміз?

Баспа (ангина) ауруының сипаттамасы пайда болу себебі.

Ревматизм дегеніміз қандай ауру оның негізгі белгілері қандай?

 

Пікір қалдырыңыз