Баспа (ангина)

  Аурулар

Егер адамның тамағы ауырса, жұтынуы қиындап, дене қызуы көтеріледі, науқас әлсізденіп, төсек тартып жатып қалады. Бұл жағдайда дәрігер ауыру адамның тамағын көріп, бадамша бездердің қабынғанын анықтайды. Бұл ауыруды ежелгі Рим дәрігерлері де білген. Олар мұны баспа (ангина) деп атаған, себебі ауырған адамның тамағын бір нәрсе басып тұрғандай сезінеді (латын тілінде “ангере” — басу деген ұғымды білдіреді).

Бадамша бездер ауыру тарататын микробтарға өте сезімтал болады, әсіресе оларға салқын бір нәрсе тисе, мысалы, суық су ішсе немесе балмұздақ жеген кезде тамақ қатты ауырады. Бадамша бездер қабынғанда, олардың мөлшері ұлғайып, адам жұтына алмайды. Баспаның өте ауыр түрінде бадамша бездерде ақшыл сары ірің пайда болады, мұны — іріңді баспа деп атайды.

Баспа кезінде бадамша бездерде өте зиянды заттар жиналып, олар қан арқылы бүкіл ағзаға тарайды.Бұлар әсіресе жүрек қақпақшалары мен буындар үшін өте қауіпті болады, себебі ол мүшелерде де қабыну басталып, олардың жұмыс істеу қабілеті бұзылады.Баспаны асқындырмай, ауыру басталысымен дәрігерге қаралу керек. Себебі, ол асқынып кетсе, ревматизм ауруының дамуы мүмкін.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Ревматизм дегеніміз қандай ауру оның негізгі белгілері қандай?

Аллергия не себептен пайда болады?

Бас ауруларының себебі не?

Ірің дегеніміз не және оның ағзаға туғызатын қауіпі.

Пікір қалдырыңыз