Бедеулік

  Аурулар

Некедегі бедеулік дегеніміз 2 жылдан аса уақытқа созылған жолдастық некелік өмірде жүктілік пайда болмайды. Барлық некенің 10-15%-тік есебін бедеулік алады, әйел бедеулігі-60-70%-ке, ерлер бедеулігі 30-40%-ке жуық. Бедеулікте ұрықтану процесінің бұзылуы нәтижесінде жүктілік пайда болмайды.

Бедеулікте жүктілікті көтере алмаумен шатастырмау қажет. Бедеулік біріншілік және екіншілік болып бөлінеді. Егер әйел жүктіліктен сақтану заттарын қолданбай, 2 жылға созылған некеде жүкті болмаса, оны біріншілік бедеулік деп есептейді.

Екіншілік бедеулік бұрынғы босану, аборт не түсік, жатырдан тыс жүктіліктен кейін болады. Бедеулік ө алдына дамыған жеке ауру емес, ол әр түрлі аурулардың белгісі болып табылады.

Пікір қалдырыңыз