Безеу

  Аурулар

Жасөспірімдердің жыныстық жетілу кезеңінде бетінде немесе арқасында мөлшері әр түрлі іріңді бөртпелер пайда болады. Мұны дәрігерлер безеу немесе акне деп атайды.

Безеу терідегі май бездері жолдарының немесе түк қапшығының қабынуынан болады. Безеудің пайда болуына негізінен зат алмасу және ішкі секреция бездері жұмыстарының өзгеруі себеп болады.

Ас қорыту процесінің бұзылуы, уақытында нәжістен асқазанды босатпау, сондай-ақ жеке бастың гигиенасын дұрыс сақтамау, әсіресе бет пен жалпы дененің терісін таза ұстамау — теріге безеудің шығуына әкеледі.

Бұл аурумен дерматолог-дәрігер айналысады. Безеудің алдын алу үшін денені таза ұстап, витаминге бай құнарлы тамақ ішіп және мезгілімен асқазанды нәжістен босатып тұру керек.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Бөртпе және Бөрітпе сүзектің сипаттамасы.

Адамның терісі туралы не білеміз?

Инфекция дегеніміз не және оның сипаттамасы.

Қотыр ауруы қалай пайда болады және оның сипаттамасы.

Пікір қалдырыңыз