Бөртпе

  Аурулар

Әр түрлі жұқпалы және аллергиялық аурулардың пайда болуының бір белгісі — денеге бөртпе шығу. Теріге шыққан дақтар мен бөртпелер аурудың түріне қарай бір-бірінен пішіні, түсі, мөлшері және қай жерде орналасу орнына байланысты айырмашылығы болады.

Бөртпе кейбір жұқпалы ауруларда — қызылша, жел шешекте шығады. Бөртпенің пішініне және оның сипатына қарай дәрігер қандай ауру екенін ажыратады. Көп жағдайда теріге бөртпе шыққанда, қатты қышиды. Сондықтан, теріге бөртпе шықса, міндетті түрде дерматолог-дәрігерге қаралу қажет.

Бөртпе сүзек

Бұл жұқпалы аурудың қоздырғышы ерекше микроорганизм — Провачек риккетсиясы. Бұл микроорганизмнің аты соны бірінші ашқан американдық дәрігер Говард Т.Риккетса мен чех дәрігері Станислав Провачектің құрметтеріне қойылған. Екеуі де 1915 жылы бөртпе сүзектің микробын анықтаған.

Өкінішке орай, бөртпе сүзектің жаппай індеті кезінде бұл жаңалықты ашу — екі дәрігердің де өмірмен қоштасуына себеп болды. Аурудың қоздырғышын зерттеу кезінде екеуі де ауруды жұқтырып, қайтыс болды. Қайтыс боларының алдында С.Провачек бөртпе сүзегін таратушы бит екенін анықтады.

Бөртпе сүзектің жаппай індеті бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде болды. Бөртпе сүзекпен ауырғанда науқастың дене қызуы қатты көтеріліп, есінен танып, сандырақтайды. Адамның денесін жаппай қызыл-қоңыр бөртпе басып кетеді. Осы белгілеріне қарап, аурудың атын бөртпе деп атаған, ал сүзек — грек тілінде есінен адасу деген мағынаны береді.

Егер науқас сандырақтап, екі аптадай жатып, қайтыс болмаса, онда дерттің жазылуы өте жай жүреді. Эпидемиялық шара ретінде алдын-ала егу жұмысын жүргізеді.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Тонзиллит ауруының негізгі белгілері себебі мен салдары.

Инфекция дегеніміз не және оның сипаттамасы.

Іш сүзегі негізгі айқын белгілері мен онымен күрес жолдары.

Бронхит ауруының сипаттамасы.

Пікір қалдырыңыз