Бронх демікпесі

  Аурулар

Ежелгі Грекияда демікпені тұншығудың ұстамасы деп атаған. Бронх демікпесі бронхтардың (кеңірдекшелердің) қатты тарылып, солар арқылы өтетін ауаның жолын бөгеуінен дамиды. Бұл кезде кеңірдекшелер көп мөлшерде қою қақырық бөліп шығарады да, соның салдарынан жөтелу қиын болады.

Бронх демікпесі ұстаған кезде, адам тұншығып, дем алуы қиындайды да, ол өзінің барлық назарын тезірек дем алсам екен деп ойлайды. Тыныс алу бұлшық еттері қарқынды жұмыс жасағанымен, қанның оттекпен қанығып, көмірқышқыл газын бөліп шығаруы өте баяу жүреді.

Ал бұл тыныс алу жетіспеушілігінің белгісі болады. Бронх демікпесінің пайда болуына кеңірдекшелердің аллергиялық реакциясы мен олардың бұлшық еттерінде шаңның, гүл тозаңның, тағы да басқа заттардың жиналып қалуы әсер етеді. Мұндай жағдайда тегіс бұлшық еттер жиырылады да, кеңірдекшенің саңылаулары мүлдем бітеліп, ағза тұншыға бастағандықтан, науқас ентігіп, жиі-жиі тыныстануға мәжбүр болады.

Ауру мезгіл-мезгіл ұстама түрінде өршиді. Осындай бір ұстама бірнеше сағатқа немесе бірнеше күнге созылуы мүмкін, көбінесе түнге қарай адамға ауа жетіспейді. Демікпемен ауырған адам жата алмай, көбіне түрегеліп отырады. Аурудың ұстамасын күшті дәрі-дәрмектердің көмегімен дәрігер ғана тарқата алады.

Бұл ауруды емдеу өте қиын, бірақ алдын-ала науқас адамның жағдайын жеңілдетуге болады. Бронх демікпесімен ауыратын адамдарға вирусты қабыну ауруларынан, салқын тигізіп алудан сақтанып, мезгілімен дәрігердің белгілеген дәрісін ішіп отыруы керек.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Көкжөтел (коклюш) ауруының алғашқы белгілері.

Туберкулез немесе құрт ауруының негізгі белгілері.

Инкубациялық кезең дегеніміз не?

Есекжем (крапивница) ауруының себеп салдары.

Пікір қалдырыңыз