Бронхит

  Аурулар

Бронхит — бронхтың (кеңірдекшенің) шырышты қабығының қабынуынан болатын ауру. Аурудың қоздырғышына ауру тудыратын бактериялар мен вирустар жатады. Бронхит тыныс алу жолдарының өте жиі кездесетін ауруы болып саналады. Бұл дерттің дамуына сыртқы ортаның қолайсыз факторлары: жұтқан ауада шаң-тозаң мен улы газдардың көп болуы, жиі темекі тарту немесе салқын тигізу әсер етеді.

Бронхитпен ауырғанда адам ауыз жаппай жөтеледі, өте көп мөлшерде қақырық тастайды. Сонымен қатар, ауыру кезінде дене қызуы көтеріліп, әлсіздік, кейде ентігу пайда болады. Ауруды дер кезінде емдемесе, өршіп, оның созылмалы түріне ауысады. Бронхиттің созылмалы түрінің алдын алу үшін ағзаға суық тигізбей, темекі тартуды мүлдем қойып, денені шынықтырып, салауатты өмір сұру керек.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Дауыстың қарлығуы және оның алдын алу жолдары.

Салқын тию ауру ма? және оның алдын алу үшін не істеу керек?

Жөтелу ауруға қарсы қорғаныс реакциясы.

Өкпенің қабынуы сипаттамасы және негізгі белгілері.

Пікір қалдырыңыз