Бұғақ ауруы

  Аурулар

Жасөспірімдер, әсіресе қыздар балиғатқа толу кезінде олардың денелерінде әр түрлі өзгерістер болады. Соның бірі — олардың мойнының алдыңғы жағының томпайып өскені көзге айқын байқалады. Бұдан қорқудың қажеті жоқ, өйткені ағзаның жыныстық жетілуі кезінде, бұл қалқанша бездің уақытша қарқынды жұмыс жасауының белгісі.

Бірнеше жылдан кейін, адам жыныстық жағынан әбден жетіліп болған соң, гормондардың қарқынды бөлінуі тоқтайды да, қалқанша бездің көлемі кішірейіп қалпына келеді. Бірақ, кейде ересек адамдарда қалқанша бездің көлемі өте қатты үлкейіп кететін кездері болады.

Бұл кезде мойынның алдыңғы жағы томпайып, бұғағы салбырап кетеді, міне осыны — бұғақ ауруы немесе зоб деп атайды. Бұл ауру ағзаға ұзақ уақыт йод жетіспегеннен болады. Сондай-ақ, бұғақ ауруы базедов ауруынан кейін де дамуы мүмкін. Өйткені, бұл кезде қалқанша без өте көп мөлшерде гормон бөледі. Аурудың алғашқы белгісі білінісімен эндокринолог-дәрігерге қаралып, оның берген емін дұрыс алу қажет. Егер ауру асқынып кетсе, операция жасайды.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Теміреткі дегеніміз не?

Бүйректің қабынуының сипаттамасы және белгілері.

Гипофиз дегеніміз не?

Мысқыл (свинка) немесе шірінше ауруының негізгі белгілері.

Пікір қалдырыңыз