Бүкір

  Аурулар

Омыртқа бағанасының ерекше пішіні мен құрылымының арқасында, адам өзінің денесін тік ұстап, дұрыс жүре алады. Омыртқа кеуде қуысының әр түрлі қимыл-қозғалыс жасауына: бұрылуына, иілуіне және жазылуына мүмкіндік жасайды. Егер омыртқаны сүйек туберкулезі, мешел аурулары зақымдаса немесе омыртқа сынса, ол өз жұмысын атқара алмайды.

Мұндай аурулар мен әр түрлі жарақаттар бір емес, бірнеше омыртқаны зақымдауы мүмкін. Осы жағдайда омыртқа қисаяды немесе сынып кетуі мүмкін. Сыртынан қарағанда бұл омыртқа қисайған сияқты болып көрінеді де, бірте-бірте омыртқаның қисайған жерінде бүкірлік біліне бастайды. Бүкірліктің пайда болуы омыртқаның атқаратын қызметіне әдәуір зиян келтіреді.

Бұрын бүкірлікті түзетуге болмайды деген ұғым қалыптасқан болатын. Қазір клиникалық медицинаның бір саласы — ортопедияның қол жеткен табыстарының арқасында бүкірлікті және оны тудыратын ауруларды емдеп жазуға болады. Сондықтан осы кезде бүкір адамды сирек кездестіреміз.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Омыртқаның қисаюы қалай пайда болады.

Омыртқа бағанасы туралы не білеміз?

Бел неге шаншиды

Радикулит ауруының негізгі айқын белгілері себебі мен салдары.

Пікір қалдырыңыз