Буынның шығуы

  Аурулар

Буын — тірек-қимыл аппаратының ең негізгі бөлігі. Соның арқасында сүйектер кірігіп немесе қозғалмалы болып жалғасады. Қатты бір нәрсеге соғылғанда, құлағанда немесе оқыс қимыл жасағанда, сүйектерді ауыртып алуың немесе буын қапшығының жыртылып кетуі мүмкін. Бұл кезде буын сүйектері өз орнынан қозғалады, міне осыны буынның шығуы деп атайды.

Бұл жағдайда буындарда қатты ауырсыну сезімі пайда болып, жұмсақ тіндер ісінеді, сондықтан адам ешқандай қимыл жасай алмай қалады. Көбінесе адамның иық сүйегі мен шынтақ сүйегінің буындары шығып кетеді. Шыққан буынды тек маман дәрігерге көрсетіп, емдеу қажет.

Ол шыққан буынды орнына салып, таңғышпен (гипспен) қозғалмайтын етіп байлайды. Таңғыш шыққан буын қалпына келгенше, белгілі бір уақытқа дейін алынбайды. Дер кезінде емдемеген немесе орнына түспеген буынды тек операция жасап орнына келтіреді.

Буынның созылуы. Зақымданған буын тұсы қатты ауырып, жан шыдатпайды, ісіп көгереді. Мұндай жағдайда мұздай компресс  жасай отырып, созылған жерді қаттырақ таңып тастау қажет.

Буын сүйектерінің шығуы. Балаларда аяқ пен қол, буын сүйектері жиі шығады. Сүйегі шыққан жер қатты ауырып ісінеді. Мұндайда бір нәрсе тиіп кетпейтіндей етіп көп қозғалтпай, абайлап ұстайды. Шыққан жер сүйегінің бір шеті қолмен сипағанда томпиып білінеді.

Зардап шеккен баланы жұбата отырып, бұғанасы, қол жілігі шыққан жағдайда оларды орамалмен абайлап мойнынатартып байлайды, ал аяқ сүйектері, омыртқа, жамбасы шықса, жатқызып, түзу қатты затқа байлайды, сөйтіп тез арада дәрігерге алып бару керек.

 

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Сынық және оның белгілері сүйектің сынуы кезінде көрсетілетін көмек.

Буын жайлы медициналық түсінік.

Соғып алу немесе бір жеріңді ұрып алсаң болатын ағзадағы процесс.

Аяқ қол туралы медициналық түсінік

Пікір қалдырыңыз