Дальтонизм

  Аурулар

Адамдардың бәрі бірдей, өздерінің айналасыңдағы түстерді дәл анықтай алмайды. Адамдардың арасында түсті ажырата алмаушылық, яғни дальтонизм жиі кездеседі. Дальтонизм дегеніміз — көздің көру қабілетінің бұзылуы нәтижесінде түсті ажырата алмауын айтамыз.

Көп жағдайда бұл туа біткен болып саналады. Дальтонизмге шалдыққан адамның қызыл және жасыл түстерді сезінуі төмендейді немесе мүлдем жойылады. Соның салдарынан олар айналадағы әлемнің түрлі-түсті көріністерін теріс қабылдайды. Түсті мүлде айыра алмаушылықты түс танымау деп атайды.

Мұндай кезде айналадағы барлық заттар ақ не қара түсті болып көрінеді. Мұны түс соқырлығы деп атайды. Дальтонизм ерлерде тұқым қуалайды. Дальтонизмге шалдыққан адамдар автокөлік жүргізуге, пойызда машинист болуға жарамайды. Өйткені олар бағдаршамның түсін ажырата алмайды.

Бұл ауруға ем қонбайды. 1794 жылы алғаш рет түс соқырлығын анықтаған ағылшын ғалымы Дж. Дальтон болды. Себебі ол өзі қызыл және жасыл түстерді ажырата алмаған, сондықтан аурудың атын осы ауруды ашқан ғалымның атымен атаған.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Тұқым қуалайтын аурулардың белгілері мен түрлері.

Қант диабеті қалай пайда болады, сипаттамасы мен белгілері.

Алыстан көргіштік және көрмеушіліктің себептері.

Туа пайда болған аурулар мен ақаулардың негізгі себебі.

Пікір қалдырыңыз