Дифтерия

  Аурулар

Бұл дифтерия бактериясынан пайда болатын жұқпалы ауру. Аурудың қоздырғышы — дифтериялық таяқшалар. Олар микробтар арқылы, ауру адам жөтелгенде оның түкірігімен және ол ұстаған заттармен тарайды. Дифтериямен 10 жасқа дейінгі балалар жиі ауырады.

Микробтар адам ағзасына түскен соң, бадамшаларда, жұтқыншақта және көмейде қабыну тудырады. Бұл кезде бадамшалар ісініп, олардың сыртқы бетін іріңді қабық жабады. Осындай көрініс көмейде де байқалады. Ауру асқынғанда іріңді қабықтар қабаттанып қалыңдайды да, өкпеге баратын ауаны жібермейді.

Соның салдарынан баланың алқымы тарылып, дем алуы қиындайды, тамағы ісіп, дене қызуы көтеріледі. Бұл өте қауіпті кезең деп саналады, сондықтан ауырған баланы жатқызып, дәрігер шақырту керек. Дифтериямен ауырған баланы ауруханаға жатқызып емдейді.

Сырқатпен қарым-қатынаста болған балаларды бөлектейді. Бұрынғы кездегідей дифтерия қазір қауіпті емес. 19-шы ғасырдың аяғында неміс дәрігері Е.А.Беринг дифтерияға қарсы егуді ұсынған. Бұл күнде балалардың бәрін дифтерияға қарсы алдын-ала егеді.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Полиомиелит ауруының негізгі белгілері қандай?

Қызылша ауруы туралы мәліметпен танысыңыз.

Тонзиллит ауруының негізгі белгілері себебі мен салдары.

Флегмона дегеніміз не және оның сипаттамасы.

Пікір қалдырыңыз