Эпилепсия

  Аурулар

 

қояншық

Бұрынғы кезде бұл ауруды құлайтын ауру деп атаған. Себебі, ауру адам эпилепсияның ұстамасы ұстаған кезде, есінен танып құлаған. Осы кезде құлаған адамның денесі бірнеше секунд немесе минут қатты тырысып қалады.

Бірнеше минуттан кейін ауру адам есін жинап, терең ұйқыға кетеді. Эпилепсия — орталық жүйке жүйесінің ауруы. Эпилепсия кезінде мида жүйке тінінің зақымданған орталығы пайда болады. Бұл орталық әлсін-әлсін (ұстама ұстаған кезде) электр толқындарын шығарады. Олар бүкіл миды қамтып, бұлшық еттердің тартылуын тудырады да, адам есінен танып қалады.

Эпилепсияның пайда болуының бірнеше жолы бар. Соның ішінде көп кездесетіні — орталық жүйке жүйесінің құрсақ ішінде дамуы кезінде зақымдануы болып табылады. Мұндай кезде ауру балалық шақта басталады. Ауру бала өзінің құрдастарымен салыстырғанда, ақыл ойының дамуы және мектепте сабақ үлгерімі төмен болады.

Сондай-ақ, эпилепсияның дамуына мидың жарақат алуы немесе оның қан тамырларының аурулары да әсер етеді. Эпилепсиямен ауырған бала, аурудың ұстамасын болдырмау үшін үнемі дәрі ішіп жүруі керек. Қазақтар бұл ауруды қояншық деп те атайды.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Естен тану неге болады. Адамның есін жинауға қандай көмек беріледі.

Сал ауруы дегеніміз не және ол қалай пайда болады?

Құсу кезіндегі алғашқы көмек қандай болу керек?

Тіл мүкістігі және тұтығу дегеніміз не?

Пікір қалдырыңыз