Флегмона

  Аурулар

Инфекция адамның ішегін, бадамша бездерін, өкпесін немесе шырышты қабықтарын ғана зақымдап қоймайды, ол сонымен қатар теріасты май қабаттарын да зақымдайды. Зақымдалған жерде қабынудың белгілері — ауырсыну, қызару және ісіп кету байқалады. Бұл кезде дене қызуы да көтеріледі. Міне, осыны флегмона деп атайды.

Теріасты флегмонасын кейбір микроорганизмдер, әсіресе стафилококк немесе стрептококк тудырады. Теріасты флегмонасында өте көп мөлшерде ірің жиналады. Бактериялар теріастына егу кезінде, сызат түскенде немесе теріні кесіп кеткенде түседі. Флегмонаның қауіпті қоздырғышы болып, ерекше бактериялар — клостридиялар саналады. Олар топырақта және шаңда өте көп кездеседі. Осы бактериялар тудыратын флегмонаның түрінде, теріасты клетчаткаларында және бұлшық еттерде ірің ғана емес, газ да түзіледі. Осыны газды флегмона деп атайды. Қазіргі кезде флегмонаны жазып алуға болады. Бірақ, одан алдын ала сақтанған дұрыс. Ол үшін денедегі жараны немесе сызатты дұрыстап тазалап, дәрі жағып, таңып тастау керек.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Қақырық неден пайда болады және одан құтылу жолы.

Сіреспе (столбняк) ауруының айқын белгілері мен сипаттамасы.

Тіс аурулары: Кариес және Флюс туралы мәлімет.

Ірің дегеніміз не және оның ағзаға туғызатын қауіпі.

Пікір қалдырыңыз