Гипертония

  Аурулар

Адам денесіндегі қан тамырлармен қан белгілі бір қысыммен ағады. Адамның жасына қарай, қан қысымы қалыпты жағдайда 120—150 миллиметр сынап бағанасына дейін болу керек. Қан қысымын арнайы құрал — тонометрмен өлшейді. Адамның бойындағы қан тамырлармен қан белгілі бір қысыммен ағады. Әр адамда жасына қарай, қан қысымы қалыпты жағдайда 120—150 миллиметр сынап бағанасына дейін болу тиіс. Қан қысымын арнайы құрал — тонометрмен өлшейді.

Негізінде адамның қан қысымы әрдайым бір қалыпты жағдайдағыдай болып тұрмайды, ол кейде 200 миллиметр сынап бағанасына дейін көтерілуі мүмкін. Бұл көрсеткіш қауіпті аурудың негізгі белгісі болып табылады, мұны гипертония немесе қан қысымының көтерілуі деп атайды.

Артерия қан тамырында қан қысымының қатты көтерілуі жүрекке үлкен күш түсіреді, яғни жүректің қан тамырлары тарылып, оған жүрек қанды күшпен айдайды. Осымен бірге мида, бүйректе және тағы да басқа мүшелерде қан айналу процесінің бұзылуы байқалады. Қазіргі кезде гипертония ауруының себебін анықтауда өте үлкен зерттеулер жүргізілуде, бірақ әлі күнге дейін бұл аурудың пайда болу себебі толық анықталған жоқ.

Гипертония көп жағдайда, қан тамырлар қысымын реттеп отыратын орталық жүйке жүйесінің бұзылуынан, мысалы, әр түрлі жүйке аурулары, қатты қорқыныш, шаршау және ағзадағы зат алмасу процесінің бұзылуынан болады. Кейбір жағдайда бүйрек аурулары мен ішкі секреция бездерінің қызметінің бұзылуы да гипертонияның дамуына себепші болады. Бұл аурумен көбінесе қарт адамдар ауырады. Гипертонияны болдырмау үшін салауатты өмір сұріп, дұрыс тамақтанып, ұзақ ойға салынбау керек.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Қан туралы жинақталған толық ақпаратты оқыңыз!

Іштің қатуын қалай емдеуге болады?

Сал ауруы дегеніміз не және ол қалай пайда болады?

Ұйқыға байланысты аурулар туралы біз не білеміз?

 

Пікір қалдырыңыз