Індет

  Аурулар

эпидемия немесе ауру індеті

Осыдан бірнеше ғасыр бұрын қауіпті аурулар — оба, тырысқақ, қара шешектің індеті жайлап, бұл сырқаттар қаншама адамның өмірін алып кеткенін өздерің тарихи оқулықтардан оқып білесіңдер. Іңдет дегеніміз — өте қауіпті жұқпалы аурулардың үлкен бір аумаққа тарап, соның салдарынан мыңдаған адамдардың өлімге ұшырағанын айтамыз.

Сондықтан індет болған жердегі адамдарды қатты қорқыныш пен үрей билейді. Қазіргі кезде ондай қауіпті ауруларға қарсы арнайы дәрілерді егу табылуы нәтижесінде оба және тырысқақ індеттері қауіпті болмай қалды. Бірақ, осы кезде үлкен қалаларда, әдетте қыс кезінде тұмау індеті адамдардың өміріне қауіпті деп саналады.

Тұмау және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу үшін ағзаны шынықтыру қажет. Адамзатқа қауіпті жұқпалы ауруларды зерттейтін медицинаның арнайы саласын — эпидемиология деп атайды.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Инфекция дегеніміз не және оның сипаттамасы.

Ағзадағы вирус дегеніміз не және оны алғаш кім ашты?

Паразиттер дегеніміз не және олардан сақтану жолдары.

Бактериялар және Бактериофаг дегеніміз не екенін оқыңыздар!

Пікір қалдырыңыз