Іш сүзегі

  Аурулар

Іш сүзегі

Іш сүзегі — өте қауіпті, жұқпалы ауру. Бұл аурумен адамдар көбінесе жаз мезгілінде ауырады. Себебі, аурудың қоздырғышы — сальмонелл тобына жататын бактериялар жазда жақсы көбейеді. Қоздырғыш су, тамақ және ауру адам немесе бацилла тасушылар арқылы жұғады.

Іш сүзегі кезінде асқорыту мүшелері, әдетте ішек пен өт шығару жолдары зақымданады. Ауру басталғанда адамның кенеттен дене қызуы қатты көтеріледі, соның нәтижесінде ол есінен танып, сандырақтайды. Ежелгі Грекияда сүзек — адамның есінен айыратын ауру деп атаған. Қазіргі кезде бұл ауруды толықтай емдеп жазуға болады.

Бірақ, кейбір осы аурумен ауырған адамдардың ағзасында, тіпті олар емделіп жазылғаннан кейін де ауру тарататын бактериялар сақталып, қалып қоюы мүмкін. Осындай адамдарды бацилла тасушылар деп атайды. Іш сүзегімен ауырмау үшін, өзіңе таныс емес бұлақтар мен жылғалардан су ішуге болмайды, қолды үнемі таза ұстап, көкөністер мен жеміс-жидектерді тек жуып жеу керек.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Бацилла тасушы деген не?

Дизентерия ауруының сипаттамасы және себебі.

Паразиттер дегеніміз не және олардан сақтану жолдары.

Инфекция дегеніміз не және оның сипаттамасы.

Пікір қалдырыңыз