Іштің қатуы

  Аурулар

Тоқ ішек қызметінің бұзылуынан нәжіс шығару процесінің қиыңдауын қатпа деп атайды. Ағзадан нәжістің сыртқа шығуы жүйелі түрде болып тұрады. Мұндай процесс қалыпты жағдайда күніне бір рет, әрі кеткенде екі күнде бір рет болуы керек. Бірақ, кейбір жағдайда тоқ ішектің қызметінің бұзылуынан адам үлкен дәретке 4—5 күнде бір рет отыруы мүмкін.

Ондай жағдайда ұзақ уақыт ішекте жиналып қалған нәжістің құрамындағы суды ішектің сорып алуынан нәжіс тығыздалады. Мұндай нәжісті итеріп шығару үшін ішек өте көп күш жұмсауы қажет. Қатпа көбінесе асқазан-ішек жолдарының созылмалы ауруынан, кейде ұзақ ауырып, төсек тартып жатып қалған жағдайда немесе тағам құрамында клетчатканың азаюынан, адамның аз қозғалуынан болады.

Қатпа кезінде науқас адамдардың ішегі толып тұрғандай сезініп, көбінесе ішінің төменгі жағы ауыратынына, ішін жел кернейтініне шағымданады. Қатпа болмау үшін дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылдану керек. Жейтін тағамдардың құрамында көкөніс, жеміс- жидек, сүт, айран болғаны жөн.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Паразиттер дегеніміз не және олардан сақтану жолдары.

Несеп тасы (мочевые камни) қалай пайда болады?

Бацилла тасушы деген не?

Мысқыл (свинка) немесе шірінше ауруының негізгі белгілері.

 

Пікір қалдырыңыз