Ісіну

  Аурулар

ісіну

Ағзадағы көпшілік мүшелер мен тіндердің клеткалары бір-бірімен өте жақын жатпайды. Олардың арасында іші ерекше клеткааралық сұйықтыққа толы орын болады. Әрбір тін үшін клеткалар аралығымен және сұйықтықтың мөлшерімен өздерінің белгілі бір арақашықтығы болады. Бірақ, тіндер зақымданса, мысалы, оттек жетіспесе немесе қан айналымы бұзылса, клеткалар аралығында өте көп мөлшерде сұйықтық жиналады. Осы жерге зақымданған қан тамырларының қабырғалары арқылы қанның сұйық заты — плазма келіп құйылады. Соның нәтижесіңде зақымданған мүшеде ісіну дамиды.

Егер тіндердің қан айналымы қалпына келіп, клеткалар өздерінің жұмысын дұрыс атқара бастағанада, сұйықтық клеткааралық қуысты босатып, ағза өзінің бұрынғы қалпына қайтып келеді. Бірақ, ісіну өкпе мен мида болса, онда ол мүшелердің жұмысы бұзылады. Мысалы, өкпедегі ісіну кезінде сұйықтық өкпе көпіршіктеріне өтеді де, қанның оттекпен қамтамасыз етуіне кедергі жасайды. Мұндай ісіну кейбір жүрек ауруларында да байқалады.

Кейде ми шайқалғанда болатын ісіну адамның есінен танып қалуына әкеледі. Бүйректің кейбір ауруларында пайда болатын ісінудің нәтижесінде ағзада өте көп мөлшерде су жиналады да, ол адамның қатты ісініп кетуіне себебін тигізеді. Сондықтан, ісіну қандай жолмен пайда болғанына қарамастан, дереу дәрігер шақырту керек. Өйткені бұл жағдайда адам өміріне қауіпті туады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Жүрек-қан тамыр аурулары

Адамның шөлдеуі не үшін болады?

Қабыну дегеніміз не және оның себеп салдары мен сипаттамасы.

Ревматизм дегеніміз қандай ауру оның негізгі белгілері қандай?

Пікір қалдырыңыз