Кандидоз

  Аурулар

Кандидоз-ашытқы тәрізді саңырауқұлақпен шақырылатын арнайы этиологиялық ауру. Саңырауқұлақты флора жыныс мүшесіне сырттан түсуі мүмкін. Кандидоз дамуына организмнің күресу үшін төмендететін /қантты диабет, авитаминоздар/, ұзаққа созылған аурулар, сонымен қатар антибиотиктермен ұзақ емделу әсер етеді.

Кандидоз көп жағдайда вульва мен қынап ішінде орналасады. Кандидозды вульвит пен колпитте, вульва маңайы ашып, ауырады, қышиды, сұйық бөлінді бөлінеді.Қарау барысында тері мен шырышты қабаттың қызарғандығы, ақ қабаттың пайда болғандығы, ірімшік тәрізді бөліндінің бөлінетіндігі анықталынады.

Диагноз қою анамнез, қарау мәліметтеріне және зақымданған жерден алынған жұғынды нәтижесіне негізделеді.

Емі. Саңырауқұлаққа қарсы қолданылатын препараттарды /нистатин, леворин/ ішумен қатар, вульва мен қынапты 10  -тті глицериндегі бура ерітіндісімен тазалайды, сонымен қатар нистатин немесе леворин майларын жағады.Сонымен қатар антигигистаминді препараттар, поливитаминдер, жалпы нығайту және седативті емдер қолданылады.

Эндометрит дегеніміз не? Клиникалық суреттемесі және Емі.

Дисфункционалды жатырдан қан кету ановуляторрлық қабыну.

Жатыр денесі саркомасының негізгі белгісі және оның емі.

Аллергия не себептен пайда болады?

Пікір қалдырыңыз