Карантин

  Аурулар

1347 жылы Кіші Азия түбегі мен Жерорта теңізінің аралдарында оба індетінің кең етек алған кезеңі болды. Бұл аурудан адамдар жүздеп, мыңдап қырылды. Ал бұл уақытта Венеция сауда және теңізде кемемен жүзу өнерінің орталығына айналып, гүлдей жайқалған қала болатын.

Сол кезде Венецияға дүние жүзінің барлық түкпірінен кемелер келіп тоқтайтын. Оба індеті туралы хабарды естігенде венециялық басқарушылар “мына қауіпті ауру біздің әдемі қаламызға да жетеді-ау” деп, қатты қорықты. Сол кездің өзінде оба дертімен ауырған адамда аурудың белгісі тек 40 күннен кейін біліне бастайтыны белгілі болды.

Сондықтан Венецияда 40 күнге дейін келіп тоқтаған кемеден шығуға және кемеге отырып кетуге рұқсат етілмейтіні туралы заң шықты. Соның нәтижесінде 40 күнге дейін кемеден ешкімнің жағаға түсуіне және одан ешқандай зат түсіруге рұқсат етілмеді.

Мұндай ескертпені карантин (италия тілінде “кваранта” — қырық деген сөз) деп атады. Карантин қазіргі уақытқа дейін сақталып келді, себебі бұл індетпен күресудің ең шешімді жолы болып саналады. Осы кезде жанұяда бір адам жұқпалы аурумен ауырып қалса, ол дәрігердің нұсқауымен үйде жатуы керек. Мұндай жағдайда ол үйге карантин қойылды деп айтылады. Карантин жұқпалы ауру айналадағы басқа адамдарға тарамау үшін қойылады. Әйтпесе, жұқпалы аурумен ауырған адам өзінің ауруын басқа адамдарға жұқтырады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Бацилла тасушы деген не?

Инфекция дегеніміз не және оның сипаттамасы.

Бактериялар және Бактериофаг дегеніміз не екенін оқыңыздар!

Оба індетінің себеп салдары және негізгі айқын белгілері.

 

Пікір қалдырыңыз