Карбункула (сом)

  Аурулар

Ол сыздауықты дұрыс емдемегендіктен болады. Сыздауық бір-бірімен тұтасып сомға айналады немесе яғни ол терінің сыртқы қабатын ғана зақымдамай басқа да тканьдерді қабындырады.

Сомның зардабы сыздауыққа қарағанда ауырырақ. Баланың, жағдайы алғашқы күннен-ақ нашарлайды, сом шыққан жер ісініп, қызарып-томпайыңқырайды. Сом шыққан жердің маңындағы лимфа тамырлары қабынып (лимфангоит) да маңайындағы бездер шошынады. Баланың денесінің ыстығы көтеріліп, қалтырап-дірілдеп, дер кезінде емдемесе жағдайы нашарлап кетуі мүмкін.

Сомды тек хирургиялық жолмен емдейді. Блокада жасалынған соң сомды крест секілді тіледі де некрозға айналған тканьдерді алып тастайды. Ас тұзының 10%-тік ерітіндісі және басқа да түрлі дәрі жұмсалады. Қыздырады (физио) және түрлі витамин беріледі.

Пікір қалдырыңыз