Катаракта

  Аурулар

Көз бұршағы қалыпты жағдайда таза және мөлдір болады. Егер көз алмасы жарақат алса, қабынып ауырса, ағзада зат алмасу процесі бұзылса, іштен туа біткен аурудың салдарынан немесе адамның қартаюынан көз бұршағы немесе оның қабығы мөлдірлігін жойып, бұлдырап қарауытады. Көз бұршағының түсі сұрғылт немесе ақшыл тартады.

Міне, көз бұршағының осындай жағдайын катаракта деп атайды. Бұл ауру ежелгі Мысырда белгілі болып, оны грек тілінде “катаракте” — сарқырама деп атаған. Осы күні пайда болу себебіне және аурудың дамуына қарай дәрігерлер катарактаның 80-нен астам түрін ажыратады.

Ауру басталғанда әуелі көз бұршағының бір бөлігін ғана зақымдайды, оның айналасында боз дақ пайда болып, бірте-бірте көз бұршағын толықтай жабады. Мұндай жағдайда адам ешнәрсе көрмейді, тек жарықтың түскенін ғана сезеді. Қазіргі кезде катарактаны емдеп жазуға болады. Көзге хирургиялық операция жасап, оған жасанды бұршақ салады немесе арнайы үлкейтіп көрсететін көзілдірік киеді.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Көзді ақ шел басу ауруының негізгі белгілері.

Иммунитет туралы не білеміз және оның қанша түрі болады?

Ағзада аурулар қалай пайда болады және онымен қалай күресу керек.

Бөгде дене дегеніміз не?

Пікір қалдырыңыз