Қақырық

  Аурулар

Қақырық тастау

Көшеде келе жатқан адамның кенет қатты жөтеліп, қою сілекейлі жалқық түкіргені айналадағы адамдарға жаман әсер ететінін бәріңде білесіңдер. Осы қою сілекейлі жалқықты — қақырық деп атайды.

Қақырықтың құрамында миллиондаған ауру тарататын бактериялар мен вирустар болады. Түкірген қақырық кепкеннен кейін, оның құрамындағы бактерия шаң- тозаңмен ауаға тарайды. Ал сол ауаны біз жұтамыз. Мұндай бактерияны жұтқан адамдар кейін өте қауіпті ауру жұқтыруы мүмкін.

Туберкулез немесе тұмау ауруының қоздырғыштары да осындай жолмен тарайды. Тек ауру адам ғана емес, кейде сау адамдар да қақырық тастайды. Әсіресе қақырық тыныс алу жолдары қабынғанда көп жиналады. Сондықтан қақырықтан құтылудың бір ғана жолы — оны түкіріп тастау керек.

Бірақ қақырықты қайда түкіру керек? Көшеге, мектептің еденіне немесе үйге түкіруге болмайды, сондықтан әрбір адамның әрқашанда қалтасында қол орамалы болуы керек. Ал үйде жатқан науқас адамның қақырығын тастау үшін арнайы қақпағы бар ыдысы болуы керек. Оны күн сайын жуып, тазалап отырған жөн.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Флегмона дегеніміз не және оның сипаттамасы.

Іш сүзегі негізгі айқын белгілері мен онымен күрес жолдары.

Жөтелу ауруға қарсы қорғаныс реакциясы.

Өкпенің қабынуы сипаттамасы және негізгі белгілері.

Пікір қалдырыңыз