Қатпар

  Аурулар

Егер футбол ойнаған кезде немесе велосипедтен құлап, қол-аяғыңды немесе маңдайыңды жарақаттап алсаң сол жарақаттанған жерден қан ағады. Бірақ аққан қан біраз уақыттан кейін тоқтап, жараның бетін қара-қоңыр қабық жабады.

Міне, осыны қатпар деп атайды. Қатпар жараның бетін жауып, оған түрлі микробтардың өтіп кетпеуінен қорғайды. Қатпар қатып қалған қан мен лимфадан тұрады, оның астында жататын жара тез жазылады.

Зақымданған жер жазылғаннан кейін қатпар түсіп қалады да, оның орнына жаңа қызғылт түсті тері пайда болады. Қатпарды күні бұрын жұлып алмау үшін, жараны жақсылап жуып, байлап қояды.

Егер жараның бетін тырнақпен шұқысаң, жара қайтадан қанайды. Мұндай жағдайда қанаған жерге түрлі бактериялар түсіп, жара іріңдеп кетуі мүмкін. Іріңдеген жараның жазылуы ұзаққа созылып, жазылғаннан кейін оның орнында тыртық қалып қояды.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Ойылу (пролежни) ауруының себеп салдары және оның алдын алу.

Сынық және оның белгілері сүйектің сынуы кезінде көрсетілетін көмек.

Қан кету нешеге бөлінеді және оның сипаттамасы.

Мүйізгек (мозоль) аурума ол неден пайда болады?

Пікір қалдырыңыз