Қотыр

  Аурулар

Қотыр — теріге шығатын жұқпалы ауру. Оның қоздырғышы — өте кішкентай паразит, қотыр кенесі болады. Ондай кенелердің ұзындығы бір миллиметрге де жетпейді.

Олар адам терісінің эпидермис қабатының астында жатады. Кене теріге енгеннен кейін көбейе бастайды. Қотыр терінің ең жұқа жерлеріне: саусақтар аралығына, аяқ-қолдың буындарына, адамның іші мен санына түседі.

Қотыр түскен жерде беті сулы, ұсақ, қызғылт бөрткендер немесе қызарған, қабығы бар, қос түйіншіктер пайда болады. Қотыр түскен жер әсіресе, түнге қарай қатты қышиды. Қотыр шыққан адаммен бір төсекте жатса немесе оның ұстаған сүлгісін пайдаланса, ауру жұғады.

Соның нәтижесінде бір отбасындағы адамдардың барлығы қотырмен ауыруы мүмкін. Егер денесіне қотыр шыққан бала мектепке барса, ол бүкіл сынып оқушыларына жұғады. Сондықтан қотыр шыққан баланы оқшаулап, тиісті дәрі-дәрмекпен емдеу қажет. Қотыр жеке бастың тазалық гигиенасын дұрыс сақтамаған адамға шығады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Желшешек (ветряная оспа) қандай ауру сипаттамасы.

Паразиттер дегеніміз не және олардан сақтану жолдары.

Мысқыл (свинка) немесе шірінше ауруының негізгі белгілері.

Безеудің пайда болу себептері және оның алдын алу .

Пікір қалдырыңыз