Құсу

  Аурулар

Асқазанға түскен нәрсенің барлығы, адам ағзасына пайдалы екен деп қарау дұрыс емес. Егер асқазанға бұзылған тамақ немесе улы заттар түссе, олар асқазанның шырышты қабығын зақымдап, құрсақ, кеуде бұлшық еттері жиырылады да, асқазан қысқарып, сол заттардан тезірек құтылғысы келеді.

Егер мұндай заттар ішекке түскен жағдайда, оларды қан сорып алып, жалпы ағзаның улануына әкеледі. Сондықтан бұзылған тамақтың неғұрлым тезірек, өңеш және ауыз қуысы арқылы қайтадан сыртқа шыққаны дұрыс. Міне, осы процесті құсу деп атайды.

Бірақ құсудың пайда болуына тек бұзылған тамақ пен улы заттар ғана әсер етіп қоймайды. Ол әр түрлі аурулардың салдарынан: мысалы, ішектің түйілуі, асқазанның шырышты қабығының созылмалы қабынуы, соқырішектің құрт тәрізді өсіндісінің қабынуынан да болады.

Кейде адамның дене қызуы қатты көтерілсе, ми қабығының қабынуы немесе ми шайқалу, миға қан құйылу кезінде және миға ісік түскенде де адам құсады. Сондай-ақ, қатты психикалық қобалжығанда және жиіркеншек адамдардың мұрынына жаман иіс келгенде де құсу болады.

Құсудың негізгі белгісі адамның жүрегі лоқсып айниды, кейде есінен танып қалады. Адам есінен танып қалғанда құсықтың келгені өте қауіпті деп есептелінеді. Себебі, мұндай кезде құсық тыныс жолдарын жауып қалады да, адам тұншығып қалуы мүмкін.

Сондықтан мұндай науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсету керек. Ол үшін науқас адамды бір бүйіріне жатқызып, сол жатқызған бетінің астына алақанын қою керек, бұл құсықтың ауыз қуысынан бөгетсіз шығуына мүмкіндік береді. Бұдан кейін қол орамалмен немесе сулықпен ауызда қалған құсықтың қалдығын түгелдей тазалайды.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Мидың шайқалуы кезінде көрсетілетін алғашқы көмек.

Менингит немесе ми қабығының қабынуы негізгі белгілері.

Миға қан құйылу себептері мен белгілері.

Ас Қорыту Жүйесі Дегеніміз Не?

Пікір қалдырыңыз