Қыли

  Аурулар

Екі көздің көру бағытында бір нүктеде түйіспеуін қыли деп атайды. Егер көзі қыли адамдарға зер салып қарасаң, оның бір көзінің қарашығы тік қарайтынын ал екінші көзінің қарашығының төмен немесе жоғары қозғалып тұратынын байқайсың.

Кейде қылилық екі көзде де болады. Негізінен қылилық бір көздің көруі төмендегенде дамиды. Кейде көзді қозғалтатын бұлшық еттердің әлсіреуі де қылилыққа әкеледі.

Көз дәрігері (офтальмолог) қылилықтың себебін анықтағаннан кейін емдеу жолдарын тағайындайды. Қылилықтан арылуға бір жағдайда арнайы көзілдірік көмектеседі, ал ауру асқынып кеткен жағдайда хирургиялық әдіс қолданылады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Ақшам соқыр бұл қандай ауру?

Базедов ауруының сипаттамсы және негізгі белгілері.

Конъюнктивит көз ауруының сипаттамасы мен себебі.

Көзді ақ шел басу ауруының негізгі белгілері.

Пікір қалдырыңыз