Қызамық

  Аурулар

Қызамық — өте жиі кездесетін жұқпалы ауру. Бұл аурумен көбінесе 6 айдан 10-12 жас аралығындағы жас балалар ауырады. Аурудың қоздырғышы вирустың ерекше бір түрі.

Инфекция негізінен ауру адам түшкіргенде, жөтелгенде ауа арқылы жұғады. Бұл аурумен ауырып тұрған адамда өмір бойына иммунитет қалыптасады. Ауру басталғанда адамда қызуы көтеріліп, мұрны бітеледі, кейін теріде өте көп қызыл дақтар пайда болады.

Мойын және құлақ сыртындағы лимфа түйіндері ісініп ұлғаяды. Қызамық бетке, қол мен аяқтың буындарына, арқаға және құйрық тұсына шығады да, 3-4 күннен кейін қайтып кетеді. Бұл ауруға қарсы қолданылатын арнайы дәрі жоқ. Бірақ, ауру адам барлық режимді сақтап, дәрігердің бақылауында болғаны жөн.

Өйткені бұл аурудың науқастың айналасындағы адамдарға жұқпауына мүмкіндік береді. Қызамық әсіресе жүкті әйелдер үшін өте қауіпті болады. Себебі, олар қызамықты жұқтырып алса, құрсақтағы нәрестенің өміріне зиян келуі мүмкін.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Инфекция дегеніміз не және оның сипаттамасы.

Карантин дегеніміз не және ол қандай жағдайда жарияланады.

Қарынның және он екі елі ішектің ойық жарасы.

Көкжөтел (коклюш) ауруының алғашқы белгілері.

Пікір қалдырыңыз