Конъюнктивит

  Аурулар

Бұл — көздің дәнекер қабығының қабынуы болып саналады. Көздің дәнекер қабығы қабақтың ішкі үстіңгі жағын және көз қарашығының алдыңғы жағын жауып тұрады және ол әр түрлі ауру тудыратын бактериялар мен вирустарға сезімтал келеді.

Конъюнктивит кезінде көз қарашығының қызаруы, шырышты немесе шырышты-іріңді заттың бөлінуі, көзден жас ағуы, жарықты ұнатпау, көздің түйіліп ауруы білінеді.

Шырышты-іріңді заттар ұйықтағанда кірпікті бір-біріне жабыстырып тастайды. Сондықтан таңертең адам ұйқыдан тұрғанда жабысып қалған кірпігін әзер ашады.

Конъюнктивиттің ең ауыр түрі — трахома деп аталады. Ол ерекше вирустардан пайда болып, тез өршиді. Трахома кезінде ішкі қабақта кішкентай қан көпіршіктері пайда болады. Мұндай кезде әдетте екі көз де зақымданады.

Конъюнктивит көзді әр түрлі химиялық заттардың тітіркендіруінен, ультракүлгін сәулелер немесе жылу толқындарының әсер етуінен де пайда болады. Конъюнктивиттің алдын алуда жеке адамның тазалық гигиенасын сақтаудың маңызы зор.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Көздің құрлымы туралы білесізбе?

Көздің қылилығы немесе қитарлығы ауруының сипаттамасы.

Көзді ақ шел басу ауруының негізгі белгілері.

Дәнекер тіндері дегеніміз не?

Пікір қалдырыңыз