Күйдіргі

  Аурулар

Кейбір жұқпалы аурулар адамға жануарлар мен малдардан жұғады. Міне, осындай аурудың бірі — күйдіргі. Оны адамда — түйнеме, сиырда — қарасан, жылқыда — жамандат, қойда — топалаң, ешкіде — кебенек, түйеде — ақшелек деп атайды.

Бұл ауру жалпы сібір жарасы деген атпен белгілі. Латын тілінде “антракс” деп аталады. Күйдіргінің қоздырғышы сиырлар мен қойларда ауру тудыратын ерекше бактерия болып саналады.

Бұл бактерияларды 1856 жылы неміс ветеринары Ф.Брауэлль ашқан. Күйдіргі адамға ауру малды бағып күткенде, сүтін ішкенде, малды сойғанда, етін жеп, терісін өңдегенде жұғады.

Егер ауру тарататын бактериялар теріге кірсе, сол жерде терең, қара түсті қатпарлар пайда болып, дене қызуы көтеріледі. Егер бактерия өкпеге түссе, онда өкпенің қатты қабынуы дамиды; ал ауру қоздырғышы ішекті зақымдаса, онда қан аралас іш өтуі басталады.

Аурудың ең негізгі белгісінің бірі — көкбауырдың ұлғаюы болып табылады. Қазіргі кезде бұл ауруды емдеуге болады, ол үшін әр түрлі антибиотиктер, күйдіргіге қарсы иммунды-глобулин (қан сарысуы) қолданылады. Ауру малдан жұғатын болғандықтан, ауру шыққан аймақтағы малдарды тексеріп, бұл індетке қарсы малдарға жаппай вакцина егу керек.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Оба індетінің себеп салдары және негізгі айқын белгілері.

Полиомиелит ауруының негізгі белгілері қандай?

Сіреспе (столбняк) ауруының айқын белгілері мен сипаттамасы.

Тілме дегеніміз қандай ауру?

Пікір қалдырыңыз