Күйік

  Аурулар

Күйік адамның тұрмыста жиі алатын жарақатының бірі болып саналады. Әсіресе балалар жиі күйеді. Олар сіріңкемен ойнаған кезде немесе ыстық затты ұстап алса, кейде қайнаған суды, шәйді, сорпаны байқамай ішіп қалғанда күйіп қалады.

Ыстық күн көзіне шыққанда, адамның ашық терісінің күюі де жиі кездеседі. Күйіктің ауырлығы терінің қанша жерінің күйгені мен тіндерді зақымдау тереңдігіне қарай ажыратылады.

Егер адам қатты күйіп қалса, бұл оның өміріне өте қауіпті деп саналады. Күйген жердің көлемі мен оның қаншалықты тереңге кеткеніне байланысты күйіктің 4 дәрежесі болады.

Ең жеңіл түрі — бірінші дәрежелі күйік кезінде тері қызарып, іседі, әрі ауыра бастайды. Бір-екі күннен кейін терінің ондай қызарған жері кетіп қалады.

Екінші дәрежелі күйік кезінде күйген жер күлдіреп ісіп, күлдіректердің ішіне су жиналады. Мұндай күйіктер ұзақ уақыт жазылады. Егер күйген жердің көлемі үлкен болса, қан қоюланып, ағзада қан айналу процесі бұзылады.

Үшінші дәрежелі күйікте тері ғана емес, сонымен бірге тері астындағы тіндер де зақымданады.

Ал төртінші дәрежелі күйікте тіндер шала күйіп, қарая бастайды. Күйген адамға жедел медициналық алғашқы көмек көрсетілуі керек. Ол үшін күйген жерді таза дәкі және мақтамен жауып таңғышпен байлау керек. Егер адам көп күйсе, ондай адамды таза ақ жаймаға орайды. Күйікті сулап, жақпа май (мазь) жағуға болмайды.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Үсік шалу кезінде адам ағзасында жүретін процесс.

Ірің дегеніміз не және оның ағзаға туғызатын қауіпі.

Бездер жайлы біз не білеміз?

Адамның шөлдеуі не үшін болады?

Пікір қалдырыңыз