Лимфогранулематоз ауруы

  Аурулар

Лимфогранулематоз (Ходжкин ауруы)—бездерде болатын аса қауіпті ісік. Лимфогранулематоз кезінде денедегі бездер үлкейіп, оның клеткалары өздігінен көбейе бастайды. Мұндай жағдай басқа да органдарда болады. Мысалыға көк бауыр, бауыр. Денедегі барлық бездер үлкейген соң, аурудың белгісі де әр түрлі болуы ықтимал.

Ауырған бала әлсірейді, жөтеледі, тамаққа тәбеті болмайды. Үлкейген бездер басқа органдардың жұмысын нашарлатады. Қан анализден ақ қан түйіршіктерінің көбейгенін, оның ішінде эзонофилдердің басым екенін көруге болады. Бездерді зерттегенде, одан Березовский — Штернберг клеткасы табылса, онда лимфогранулематоз ауруы болғаны.

Лимфаденитпен кейде шабтың жарығын (грыжа) шатастырып жатады. Шабтың жарығы баланың жүруіне кедергі жасайды, ісініп тұрады. Сондықтан да мұндай жағдайда екеуін бір-бірінен ажырату қиындық келтірсе, операция жасауға тура келеді.

Пікір қалдырыңыз