Маскүнемдік

  Аурулар

Маскүнемдік — спиртті ішімдіктерді салынып ішуден болатын өте ауыр дерт. Ішімдік (алкоголь) — бұл у, ол адам ағзасында көптеген мүшелерді, соның ішінде — орталық жүйке жүйесін зақымдайды. Маскүнемдікке салыну әуелі әуестіктен, бірте-бірте әр нәрсені сылтау етіп, әйтеуір ішуді мақсат етуден, соны үйреншікті әдетке айналдырудан туады. Осылайша ағза спиртті ішімдікке дағдыланады. Мас адам ашуланшақ, кінәмшіл, жан-жағындағы адамдарға тиіскісі келіп тұрады, тым батыл болады. Ішімдік ішпеген кезде бей-жай, көңілсіз күйде болып, сондай жағдайдан құтылу үшін тағы ішкісі

келіп тұрады. Сөйтіп, ішпесе тұралмайтын жағдайға жетеді. Маскүнем адам ақылынан айрылып, оның ойлау қабілеті төмендейді. Ұдайы ішуге салынған адам әйтеуір бір сылтау тауып, ішуге құмартып тұрады. Өзінде болмаса біреуден сұрап ішуге де арланбайды, дос-жаранды өзі сияқты адамдардан іздейді. Мұндай адамның мінез-құлқында өзгерістер пайда болады, ол дөрекі, алдамшы, отбасының, бала-шағасының жайын ойламайтын жағдайға жетеді. Егер жұмыс істеп жүрген адам болса, бірте- бірте еңбекке жарамайды. Үнемі ішімдік ішу ең бірінші бауырды зақымдайды, адам ішуін қоймаса, ол асқынып, бауырдың қауіпті ауруы — цирроз дамиды.

Өте ауыр асқынулар маскүнемдікке шалдыққан адамдардың балаларында байқалады. Мұндай адамдардың балалары әр түрлі ауыр ақаулармен туылады, олардың ой-өрісі, сана-сезімі өте төмен болады. Маскүнемдіктен емдеу өте қиын, оған бірнеше жылдар керек.

Ең негізгісі маскүнем адам осы аурудан арылуға өзі ұмытылмаса, оны емдеу шараларын ойдағыдай жүргізу мүмкін емес. Сондықтан маскүнемдікті емдегенше, одан алдын-ала сақтандырудың маңызы зор.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Цирроз ауруының негізгі белгілері.

Нашақорлық ауруы туралы мәлімет.

Бауыр жайлы толық ақпарат

Миокард инфарктісі белгілері себеп салдары.

Пікір қалдырыңыз