Мең немесе қал

  Аурулар

Мең — өзінің бітісі мен сыртқы түрі жағынан әр алуан болып келетін тері ақауы. Меңнің көлемі мең саны жасөспірім кәмелетке толар шақта немесе әйелдің жүктілік кезінде көбейеді.

Меңдер туа бітеді немесе туғаннан кейін пайда болуы мүмкін. Мең көбінесе адамның терісінде қызыл қоңыр, көлемі тарының немесе қарамықтың дәніндей дақ түрінде пайда болады. Бұл меңдердің саны әр түрлі болады. Кейде адамның бетінде, бастың, төстің, арқаның түк басқан жерлерінде көлемі бұршақтай, дөңгелек немесе сопақша болып келетін, қолмен ұстағанда жұмсақ болып тиетін бүртік пайда болады. Әдетте олардың түсі сарғыш-қызыл, кейде қоңыр болады. Олардың беті тегіс, көп жағдайда үстіне селдір түк шығады. Туа біткен меңдер адамның мойнына, арқасына, қолтық астына және шабына шығады.

Ал түкті меңдер — сарғыш-қоңыр, қара, терісі кедір-бұдыр, бетін қылшық басқан болады. Ол денеге жайылып шығады да, адамның сыртқы келбетін бұзады. Өскен меңді электр тогінің көмегімен және хирургиялық жолмен алып тастауға болады. Бірақ, орнында аздаған тыртық калуы мүмкін. Әсіресе, қара-қоңыр және қара меңге көңіл бөлу керек, өйткені олар жайылып, өсіп кетуі мүмкін. Ондай жағдайда дерматолог-дәрігерге қаралу керек.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Теміреткі дегеніміз не?

Секпіл дегеніміз не және оны қалай кетіреді?

Көзге теріскен не үшін шығады және оның емі қандай?

Адамның терісі туралы не білеміз?

Пікір қалдырыңыз