Менингит

  Аурулар

Ауру тарататын бактериялар кейде бас сүйек қуысына еніп, ми сыңарының сыртын жауып жатқан ми қабығының қабынуын тудырады. Ми сыңарының қуысына бактериялар адам денесінің басқа мүшелерінен қанның ағысымен түседі. Бұдан басқа мұрынжұтқыншақортаңғы құлақбас сүйек қуысы — ми қабығы арқылы да түседі. Ми қабығының қабынуы әсіресе, жас балалар арасында жиі кездеседі.

Менингиттің негізгі белгісі — бас ауырады, науқас лоқсып құсады, дене қызуы қатты көтеріледі. Ауру үдегенде науқас бала сандырақтап, есінен танады. Оның бетіне, шынтақ буынына бөртпелер, ерніне ұшық шығады. Аурудың ең қауіпті түрі — іріңді менингит. Аурудың бұл түріне шалдыққан науқас баланың желке тұсындағы бұлшық еттер тырысып, ол басын шалқайтып ұстайды, мойнын қозғалта алмай, төсекте тізесін бүгіп, бүрісіп жатады.

Кейде мұндай қабыну кезінде ми шемені дамиды. Ал мұндай жағдай жұлын сұйығының қозғалысын бұзып, соның салдарынан жұлын сұйықтығы үлкен қысымның әсерінен ми қуысының ішкі жағына жиналады. Бұл кезде науқасқа тек хирургиялық операция жасалады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Плевраның қабыну белгілері мен себеп салдары.

Қан кету нешеге бөлінеді және оның сипаттамасы.

Миға қан құйылу себептері мен белгілері.

Жұлын және оның сұйықтығы жайлы не білеміз.

Пікір қалдырыңыз