Мешел

  Аурулар

Мешел қазір өте сирек кездесетін ауру. Балалар қазір бұл аурумен өте сирек және жеңіл түрімен ауырады. Мешел — ағзада Д витамині жетіспеушіліктен болатын ауру. Бұл аурумен көбінесе 2 айлықтан 2—3 жасқа дейінгі балалар ауырады.

Ауру балалардың сүйегінің дамуына кедергі жасайды. Ауру барысында сүйек тіндерінде кальций тұзы мен фосфордың түзілуі бұзылады, соның салдарынан баланың сүйегі майысқақ, иілгіш болады.

Ауру белгісі: бала мазасызданып, ұйқысы бұзылады, терлей береді, терлегенде баланың денесі қышып, басын жастыққа үйкей береді. Мешелмен ауырған бала кеш жүреді, сәбидің қарны үлкейіп кетеді. Ауру асқынғанда бұлшық еттердің жұмысы бұзылып, сүйектері босаңсиды. Омыртқасы мен аяғы қисая бастайды, табаны жалпиып кетеді. Аурудың алдын алу үшін күн сайын шынықтыру, таза ауада серуендеу керек. Қажет болған жағдайда Д витаминін, емдеу гимнастикасын және массаж белгілейді. Д витамині сүттің, майдың, жұмыртқаның, әсіресе балықтың майының құрамында көп болады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Семіздік дегеніміз не және оның алдын алу үшін не істеу керек?

Полиомиелит ауруының негізгі белгілері қандай?

Аденоид бұл қандай ауру және қалай пайда болады.

Желшешек (ветряная оспа) қандай ауру сипаттамасы.

Пікір қалдырыңыз