Миға қан құйылу

  Аурулар

Мидағы қан айналысының кенеттен бұзылуының салдарынан миға қан құйылады. Екінші сөзбен мұны инсульт (латын тілінде “инсульто” — шабуыл жасаймын, соғамын деген ұғымды білдіреді) деп атайды. Миға қан құйылудың ең негізгі себебі — ми қан тамырлары қабырғасының зақымдануынан, оның жұқарып, үлкен қан қысымына шыдай алмай жарылып кетуі болып саналады.

Мысалы, гипертониялық ауру кезінде ми қан тамырлары кез келген бір жерінен жарылады да, қан қысымның әсерінен мидың тініне барып құйылады. Қан ми тінінің қан құйылған жерін қысып, оның қызметін бұзады. Миына қан құйылған адам аяқ астынан басының зіл қара тас болып ауырлағанын сезеді, соның әсерінен кейде есінен де танып қалады.

Мұндай кезде науқас адам ауыр және қырылдап дем алып, кейде тіпті дем алысы тоқтап қалады, соның салдарынан адам өліп те кетуі мүмкін. Егер инсульт адамның ең маңызды мүшелерінің (мысалы, қан айналу мен тыныс алу) жұмысын реттейтін жүйке орталықтарын зақымдамаса, адамның аяқ-қолы және денесінің жартысы салданып қалады, бірақ адам тірі қалады. Мұндай жағдайдан кейін салданып қалған мүшелердің қалпына келуі өте ұзаққа созылады, бірақ адам мүгедек болып қалады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Қан кету нешеге бөлінеді және оның сипаттамасы.

Менингит немесе ми қабығының қабынуы негізгі белгілері.

Бас ауруларының себебі не?

Сал ауруы дегеніміз не және ол қалай пайда болады?

Пікір қалдырыңыз