Мұрын біту

  Аурулар

Мұрын бітуді көп жағдайда адамдар ауру деп есептемейді. Оны біз ұсақ жағымсыз жағдайға жатқызамыз. Мұрын бітелгенде, мұрын қуысына өте көп мөлшерде сұйықтық жиналады да, соның салдарынан адам қайта- қайта сіңгіріп, мұрынын қолорамалмен сүрте береді. Дұрыстап ойлап қарасаң, мұрын бітуді аурудың бір түрі деп қараған жөн. Өйткені бұл — мұрынның шырышты қабығының қабынуы болып саналады.

Қабынған шырышты қабық ісінеді және ондағы бездер өте көп мөлшерде сулы сұйықтық бөледі. Сау адамның мұрынының шырышты қабығында миллиондаған бактериялар мен вирустар тіршілік етеді. Солардың кейбіреуінің ауру тарататын қасиеті болады. Дем алғанда ауа температурасы сәл өзгерсе, шырышты қабықтың қорғаныштық қасиеті төмендейді, ал бұл мұрын қуысындағы микробтардың көбеюіне қолайлы жағдай болып есептелінеді.

Мұрын бітелген кезде дәрігердің айтқан кеңесін дұрыс орындамаса, онда әр түрлі қабынулардың дамуы мүмкін. Мысалы, өкпе қабынуы немесе мұрынның қосалқы қойнауының қабынуы, бұл кезде адамның басы қатты ауырып, кейде мұрында ірің пайда болады. Мұрын- жұтқыншақ қуысында орналасқан евстахиев түтігі арқылы ауру тудыратын бактериялар ортаңғы құлаққа өтіп, сол жерде қабыну тудыруы мүмкін. Оны отит деп атайды.

Кейбір адамдардың мұрынының шырышты қабаты әр түрлі химиялық заттарға, гүл тозаңдарына және өсімдіктердің иісіне өте сезімтал келеді. Мұндай заттардың шырышты қабатты тітіркендіруі аллергиялық мұрын бітудің дамуына жағдай жасайды. Аллергияның бұл түрі адамдарда ерте көктемде, шөптер мен ағаштар гүлдеген кезде басталады. Мұндай жағдайда аллерголог-дәрігерге көрініп, тиісті ем алу керек.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Ортаңғы құлақ туралы не білесіз?

Салқын тию ауру ма? және оның алдын алу үшін не істеу керек?

Мұрынның қызметі туралы не білеміз?

Құлақтың қабынуы Отит ауруының негізгі белгісі.

Пікір қалдырыңыз