Мүйізгек

  Аурулар

Егер адам ұзақ уақыт қолына күрек ұстамай, бір күні күрекпен жұмыс жасайтын болса, біраз уақыттан кейін ол адамның алақанында іші суға толы көпіршік пайда болады. Міне, осыны мүйізгек деп атайды. Мүйізгек қандай да бір аурудың белгісі болып саналмайды. Бұл көптен бері ауыр жұмыс жасамаған адамның алақан терісінің жұмыс құралымен үйкелу нәтижесінде бүлінуі.

Кейде адам қолына бір құралды қатты қысып жұмыс жасаса да, мүйізгек пайда болады. Мүйізгек пайда болғанда, зақымданған капиллярлардан қан плазмасы ағып шығады да, терінің қыртыс қабаты — эпидермистің бетіне қабаттанып қатып қалады. Егер сол қабатты қолмен жұлып алсаң, терінің ашық қалған бетіне ауру қоздыратын бактериялар түсіп, қабыну дамиды. Кейде сол жер іріңдеп те кетуі мүмкін.

Сондықтан мүйізгекті жұлып алуға болмайды. Мүйізгек көбінесе аяқтың башпайлары мен қолдың саусақтарында, кейде тар аяқ киім кигеннен немесе аяқты дұрыс күтпеу салдарынан табанда, өкшеде пайда болады. Мүйізгекті арнаулы дәрігерлік кабинеттерде алдырып тастаған жөн.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Қатпар дегеніміз не және ол қалай пайда болады?

Тілме дегеніміз қандай ауру?

Сынық және оның белгілері сүйектің сынуы кезінде көрсетілетін көмек.

Жалпақ табан немесе плоскостопие қалай пайда болады?

Пікір қалдырыңыз