Мысқыл (свинка)

  Аурулар

Құлақ түбіндегі бездің қабынуын мысқыл деп атайды. Бұл жұқпалы қабынудың ерекше бір түрі болып есептеледі. Мысқылдың қоздырғышы — вирусты ауру адам жөтелгенде немесе түшкіргенде ауа арқылы сау адамға жұқтырады. Мысқылмен негізінен жас балалар ауырады.

Ауру басталғанда құлақ түбіндегі бездер қабынып, олардың көлемі ұлғаяды, тығыздалып қатты ауырады. Бұл кезде дене қызуы көтеріледі, науқас бала әлсізденіп, тамаққа тәбеті болмайды. Ауру анықталысымен, басқаларға жұқтырмау үшін науқас баланы оқшаулау керек. Кейде мысқылмен ересек адамдардың ауруы мүмкін, оларда аурудың барысы өте қиын өтеді.

Мұндай жағдайда оларда ұйқы безі, ал ер адамдар мен ұлдарда жыныс безі қабынып, соның салдарынан ол мүшелердің ұзақ уақыт өз жұмысын атқара алмайды. Сондықтан осындай асқынулар болмау үшін, төсекте жатып, режим сақтау және дәрігердің берген емін бұлжытпай орындау керек.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Лейкоз немесе ақ қан ауруының белгілерімен сипаттамасы.

Скарлатина бұл қандай ауру және оның белгілері.

Радикулит ауруының негізгі айқын белгілері себебі мен салдары.

Бұғақ немесе зоб ауруының белгілері мен сипаттамасы.

Пікір қалдырыңыз