Несеп тасы

  Аурулар

Кейде бүйрек пен қуықты тексергенде, осы мүшелерде кішкентай тастар мен құмдардың бар екені анықталады. Адамның зәрінде өте көп мөлшерде әр түрлі түздар ериді, қалыпты жағдайда олар зәр арқылы ағзадан шығарылып отырады. Адам әр түрлі аурулармен ауырғанда, ағзада зат алмасу бұзылып, соның салдарынан зәрде кейбір тұздардың мөлшері көбейеді.

Мұндай жағдайда зәр шығару жүйесінде тұздардың кристалдары түзіле бастайды. Олардың бірте-бірте көлемі ұлғайып, пішіні тасқа немесе құмға ұқсайды. Мұндай тастар зәр шығару мүшесінің ішкі шырышты қабатын тітіркендіріп, соның салдарынан, кенеттен бүйрек шаншуы басталады.

Кейде ондай тастар несеп жолында тұрып қалады да, зәр бүйректен ағып шыға алмай, адам қатты қиналады. Кейде мұндай жағдайда адамға тек операция жасап, оның өмірін сақтап қалады. Несеп тасы болмау үшін жейтін тағамдардың құрамына байланысты арнайы диета ұстаған дұрыс.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Өт тасы пайда болуының себебі мен салдары.

Бүйрек және Бүйрек үсті безі туралы ақпарат.

Жарық немесе грыжа қалай пайда болады.

Қарынның және он екі елі ішектің ойық жарасы.

Пікір қалдырыңыз