Никотин

  Аурулар

Темекінің құрамында 1200-ден астам зиянды заттар бар, соның ішінде ең белгілісі — никотин. Оның бір тамшысы жылқыны өлтіреді деген ұғымды бар адам біледі. Адам бір тал темекі тартқанда, оның түтінімен 1 миллиграмм никотин қабылдайды. Ал адамды өлтіру үшін 60 миллиграмм никотин жеткілікті. Темекінің түтіні тыныс алу жолдарын тітіркендіріп, бірте-бірте созылмалы бронхитке, одан өкпенің қатерлі ісігіне алып келеді.

Темекіні көп тартатын адамдар “темекі адамның ойлау қабілетін жақсартады” деп айтады. Алғашқыда никотин ми клеткаларын қоздырып, адамның жалпы көңіл-күйі көтеріледі. Бірақ, бұл уақытша болатын құбылыс. Никотиннің қауіпті болатыны, ол — есірткі. Яғни, оған ағза үйреніп алады да, ал одан кейін онсыз тұра алмайтын күйге келеді. Сондықтан темек тартуды бастау оңай да, ал оны тастау өте қиын.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Нашақорлық ауруы туралы мәлімет.

Маскүнемдік туралы не білеміз?

Шаршау дегеніміз не?

Кризис термині медицинада қандай мағына береді?

Пікір қалдырыңыз