Өкпенің қабынуы

  Аурулар

Адам қалыпты дем алғанда өкпе арқылы өте көп мөлшерде ауа өтеді. Бұл ауа жоғарғы тыныс жолдарында шаң-тозаңдар мен ауру тарататын микробтардан тазартылғанмен, бәрібір олардың бір бөлігі өкпе тіндеріне өтіп кетеді. Әр түрлі вирусты инфекциядан, ашығудан немесе көп темекі шеккеннен әбден әлсіреген ағзада ауру тарататын микробтар өкпе тіндерін зақымдайды. Осының салдарынан өкпенің қабынуы дамиды.

Өкпенің зақымданған бөліктеріндегі өкпе көпіршіктерінде қабынудың белгілері байқалады. Өкпе қабынуы кезінде науқас адамның дене қызуы қатты көтеріліп, денесі калшылдайды, әуелі құрғақ жөтел, одан кейін қақырық аралас жөтел пайда болады.

Өкпенің қабынуы жас балаларда ауыр болады. Олардың жалпы жағдайы төмендеп, мазасызданады, ұйқысы бұзылып, тамаққа тәбеті болмайды. Балаға ауа жетпей демігіп, бетінің әр жері, әсіресе үстіңгі ернінің айналасы әлсін-әлсін көгереді. Жаңа туған сәби өкпе қабынуымен ауырғыш келеді. Өкпесі қабынған бала емшек ембей, лоқсып құсады, салмағын жоғалта бастайды. Кейде кеудесі сырылдап, сілекейі көбіктенеді.

Жас балаларда, әсіресе жаңа туған сәбилерде болатын өкпе қабыну өте қауіпті. Сондықтан аурудың белгісі білінісімен науқас баланы жедел дәрігерге апару керек. Ересек адамдардың өкпесі қабынып ауыруы қазіргі уақытта аса қауіпті емес. Егер ауруды асқындырмай дәрігерге қаралса, бұл аурудан жазылып кетуге болады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Көкжөтел (коклюш) ауруының алғашқы белгілері.

Тілме дегеніміз қандай ауру?

Қызылша ауруы туралы мәліметпен танысыңыз.

Менингит немесе ми қабығының қабынуы негізгі белгілері.

Пікір қалдырыңыз