Омыртқаның қисаюы

  Аурулар

Үйде ата-аналар балаларға сабақ дайындағанда үстелге, мектепте мұғалімдер партаға қисаймай түзу отыруды үнемі айтып отырады. Себебі, бұл омыртқаның дұрыс дамуы үшін керек. Орындықта түзу, бір жағына қарай қисаймай отыру — омыртқаның қалыпты дұрыс дамуын қамтамасыз етеді.

Омыртқа адам денесінің негізгі тірегі екенін бәрің де білесіндер. Кейде еңкейіп жүретін немесе бүкір адамды көресің. Мұның себебі адамдардың омыртқа жотасында бір немесе бірнеше омыртқа сүйегінің ауыратыны деп санау керек. Көп жағдайда адамның омыртқасының қисаюы — бала кезден омыртқаны дұрыс, түзу ұстап отырмағаннан болады.

Сондай-ақ, омыртқаның қисаюы дененің бір жағына ғана ауырлық түсуден де дамиды. Мысалы, оқушы сабаққа апаратын сөмкесін үнемі бір жақ қолымен тасыса, біртіндеп оның омыртқасы сол жаққа қарай қисаяды. Омыртқаның бір жаққа қарай қисаюын — сколиоз деп атайды. Ал оны ортопед-дәрігерлер ғана емдейді.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Бүкірлік қалай пайда болады?

Бел неге шаншиды

Ойылу (пролежни) ауруының себеп салдары және оның алдын алу.

Радикулит ауруының негізгі айқын белгілері себебі мен салдары.

Пікір қалдырыңыз